Шамалғандағы «Хатико»

Шамалғандағы «Хатико»

Алматы облысындағы бейітте қайтыс болған иесінің қабірін 2 ай бойы күзеткен итке ауыл жұрты тәнті болған. Ит туралы ақпаратты алдымен қала тұрғыны Александр Вогау таратқан. Ол итті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Александр Вогау қабірді күзетіп отырған итті 18 желтоқсанда байқаған. Оның айтуынша, досын жерлеу үшін зиратта 3 күн болған. Итті көргесін оған тамақ беріп, қарайласып тұрған. Өзінде 3 ит бол­ғандықтан, үйіне алып кете ал­маған. Ал бейітті күзетуші итті 1,5 ай бұрын көргенін айтады. Бастапқыда мән бер­гені­мен, тамақ беруді ес­тен шығар­маған. Өз кезе­гінде «Белый Бим» еріктілері Шамал­ғандағы «Хатико» туралы хабардар екен. Олар иттің ден­саулығын тексеріп, жаңа қо­жайын табу үшін іске кірісіп кет­кен. Еріктілердің айтуынша, ит – ұрғашы, 2 жаста. Шамалған ауылының тұрғын­дары болса, иттің 2 ай бойы иесінің қабірін күзеткенін растаған.

А.ЖОЛДАС