Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

«Кедейлік қақпаны» қай тұста?

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 23, 2020
Экономика, Жаңалықтар, Қазақстан
кедейлік
92
қаралым

Желтоқсанның басында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыны бекітілді. Жоспар бойынша алдағы үш жылда қазынадан 41,4 трлн теңге жұмсалады. Мемлекеттік органдар арасында ең көп қаржы – 12,6 трлн теңге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігіне бөлінбек. Неге?

Салыстыра санасақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне – 1,7 трлн теңге, Білім және ғылым министрлігіне – 5,1 трлн теңге, Денсаулық сақтау министрлігіне – 5,1 трлн теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігіне 541,5 млрд теңге беріледі екен. Яғни, қай-қайсысы да рекордтық сомадан әлдеқайда аз.

Негізі, Конституцияның 1-ба­бында: «Қазақстан Респуб­ликасы өзін демократиялық, зайыр­лы, құқықтық және әлеу­мет­тік мем­­лекет ретінде орнық­тырады» деп жазылған. Әлеуметтік мемлекет – бар байлығын тұр­ғындарының тұр­­мысын жақ­сартуға, білім алуына мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау саласын жоғары деңгейде қолдауға ар­найтын мемлекет. Осы орайда, Үкімет мүшелері бюджет шығын­дарының жартысынан көбі әлеу­меттік салаға бағытталатынын әуел баста мәлімдеген. Бұл қаражат әлеуметтік төлемдерді индек­са­­­­циялауға, мұғалімдер мен дәрі­герлердің жалақысын көтеруге және халыққа медициналық қыз­мет көрсетуге жұмсалады.

– Бюджеттің 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмыл­дырылған. Бұл Қазақстанның әлеуметтік бағытқа бет бұрғанын аңғартады. Нарықтық экономика заңында қоғам байлар мен ке­дейлерге бөлінеді де, байлар үсті-үстіне байлығын еселеп, кедейлер жұтай береді. Жабайы капитализм ғой. Сондай бағытты таңдаған ел­дер баршылық. Бізде соңғы жыл­­дары әлеуметтік төлемдер үлесі артып келеді. Биыл да өте қатты өсті. Үкімет пандемия салдарымен күресу үшін халыққа 42 500 тең­геден таратты. Әлеуметтік тө­лем­дер көлемін ұлғайтып жатыр. Осының бәрі атаулы әлеуметтік көмектің көбеюіне әсер етеді, – дейді GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы Мақсат Халық.

Кедейлікті ауыздықтау жолын ұсынды

Алыстағы ауыл арзан несиеге зәру, жеткізетін амал жоқтың қасы – депутаттық сауал

Сауатсыздық – кедейлікке бастама

Сонымен, бюджеттің 50 пайыз­­дан астамы деген аз ба, көп пе? Мысалы, социализм ілімін темір­қазықтай ұстанған Кеңес Ода­ғының өзі ең бір дүркіреген ша­ғында әлеуметтік салаға жалпы шығыстарының 30 пайызын ғана арнапты. Швеция билігі бұл салаға жыл сайын ЖІӨ-нің ша­мамен 40 пайызын жұмсайды. Әртүрлі жәрдемақылар, тегін орта және жоғары білім, тегін ме­дицина, 20 жасқа дейінгі ел тұр­ғындарына ақысыз сто­мато­ло­гиялық қызмет, дәрі-дәрмекті мемлекет есебінен өтеу сынды игіліктер – шведтерге үйреншікті үрдіс. Алты баласы бар отбасының орташа жалақысы 3 мың еуродан аспаған жағдайда мемлекет ай сайын 1 мың еуродан астам ақша төлейді. Басқа да жеңілдіктері бар. Халық 0 пайыз ставкамен несие алады. Ипотека ставкасы – минус 1,25 пайыз. Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 800 еуро, 16 жас­қа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы – айына 114 еуро. Көпбалалы азаматтарға ай сайын қосымша 400 еуро беріледі. Ал Қазақстан бюджетінің кірісі Скандинавия елдерінен 2 есе төмен. Сәйкесінше, мемлекет әлеуметтік салаға 4-5 есе, білім беруге 2 есе, денсаулық сақтауға 3,5 есе аз қаражат бөледі. Демек, мұндай социализм құруға біздің экономика дайын емес.

– Менің есептеуімше, біз енді-енді ғана әлемдік стандарттарға қарай ұмтыла бастадық. Сондықтан бұл соманы көп деуге аузым бармайды. Әлеуметтік бағытты ұстанатын, халқының қамын ойлайтын елдер бюджеттің жар­тысынан астамын әлеуметтік кө­мекке жаратады, – дейді Мақсат Халық.

кедейлік

Масылдық деген тағы бір мә­селе бар. Шын мұқтаждардың жөні бөлек, әрине. Бірақ әдейі табысын жасырып, мемлекетке қол жаятын жатыпішерлерді қайтеміз? Пре­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз мұқтаждық пен масылдықтың ара­жігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәр­дем­ақыға қарап өмір сүруге бол­майтынын әр азамат түсінгені жөн» деген еді. Кей сарапшылар Қа­­зақстан мен Финляндияның әлеу­меттік саясаты ұқсас екенін айтады. Сондықтан әлеуметтік көмек ма­сылдыққа әкеледі деп қорқудың реті жоқ екен. Фин­ляндияда ба­залық табысты енгізу, керісінше ха­лықтың сату-сатып алу бел­сен­ділігін арттырған. Ақша елден ешқайда кетпейді, эко­но­микада айналымда жүреді. Соған қара­мастан мамандар белгілі дәрежеде қауіп барын жоққа шы­ғармайды.

– Америка мен Еуропа үкі­меттері карантин кезінде ақшалай жәрдем жасады. Әсіресе, тұрмысы нашар отбасыларға, жұмысынан айырылған азаматтарға ең төменгі емес, орташа жалақы мөлшерінде көмектесті. Бұл экономикалық жа­ғынан халықтың төлем қабілетін жақсартады. Ақшасы бар адам тауар сатып алады, дүкендегі заттар сөреде тұрып қалмайды. Тауарлар сатылса, өндіріс орындары салық төлейді. Сөйтіп, қазынаның қал­тасы қампаяды. Ал екінші жағынан қарасақ, «кедейлік қақпаны» деген теориялық ұғым бар. Теорияға сәй­кес, әлеуметтік төлемдер тым кө­бейіп кетсе, халық жарлы-жақыбай жағдайға ұшырайды. Адамдар алға ұмтылмай, қоңыртөбел ғұмыр кешіп жүре береді. 42 500 теңге аса мол ақша болмаса да, аштан өлтір­мейді ғой. Тұрғындар өзі ойламаған жерден кедейлік қақ­панына түсіп қалуы мүмкін. Біз әлеуметтік кө­мектің ақшалай емес жолдарын қарастыруға тиіспіз. Білім, меди­ци­на, жұмыспен қамту сияқты әлеу­меттік инфра­құ­рылымды да­мытуымыз керек. Бай мемле­кеттер қанша ақша үлестірсе де жарасады, ал Қазақстанға бұл қиын, – дейді әлеуметтанушы Айсұлу Мол­да­бекова.

Әлемдік стандартқа көз жү­гіртсек, әлеуметтік көмек – бар­лық елдің тәжірибесінде бар нәр­се. Алайда әлеуметтік көмек көле­мі шамадан тыс шарықтап кетсе, жекелеген азаматтардың масыл­дыққа ұрынатыны жаңалық емес.

– Еуропада жұмыс істемейтін адам мемлекеттен кем дегенде 500-700 доллар алады. Ол жанталасып еңбектеніп 1 000 еуро тапқанша жанын қинамай үйде жатып 700 еуро ала беруге бейіл. Масыл­дық психология сондай кезде пай­да болады, – дейді экономист.

Рас, қазақ қоғамы әлеуметтік көмекке аса зәру. Мемлекет жәр­деміне мұқтаж адамдар тізімі ең төменгі күнкөріс шегі бойынша есептеледі. Бірақ 32 мың теңге қа­зіргі нарық талабына сай емес. Азын-аулақ жәрдемақымен еш­кімнің шекесі шылқымайды. Бү­гінде жарты миллионға жуық от­басы мемлекеттен АӘК алып отыр. Жәрдемақының түр-түрі қосылып жатыр. Мұндай зілмауыр салмақ бюджетті едәуір есең­гіреткені анық.

– Келер жылғы бюджет шы­ғыны – шамамен 14 трлн теңге. Мемлекетке түсетін салық – 8 трлн теңге. Яғни, Үкімет жартысын салық ретінде жинайды да, екінші жартысын толтыру үшін Ұлттық қордан аударымдар жасайды. Ол жетпесе, Ұлттық банк ақша мас­сасын арттырып, банкнот басып шығарады. Ол да жетпесе, сырттан қарыз тартады. Осы жылдың ба­сында трансферттер ретінде Ұлт­тық қордан 2 трлн теңге бөлінді. Коронадағдарысқа байланысты мемлекет 2,7 трлн теңгені үстінен тағы қосты. Сонда 4,7 трлн теңгені биыл Ұлттық қордан алдық. 2021 жылы Ұлттық қордан 3 трлн теңге алу жоспарланған. Сонымен қатар «Азия даму банкінен» 0,5 пайыздық төмен ставкамен ұзақ мерзімге 1,5 млрд еуро несие алдық. «Азия даму банкі» біздің Ұлттық қорда ре­зервтер бар болғаны үшін ғана жаңа­ғыдай шартқа келісті. Әйт­песе, Беларусь сияқты «Халық­аралық валюта қорынан» қаражат сұрап, әркімге жалынуға мәжбүр болар едік. Демек, Қазақстан әлеу­меттік шығындарды көтеруге әлі де қауқарлы, – деп пайымдайды Мақсат Халық.

Үкіметтің әлеуметтік көмекке аста-төк ақша жұмсауының сыры мәлім. 2015 жылы теңгені еркін айналымға жібердік. Қазынамыз ортайды. ЖІӨ 7 мың долларға дейін екі есе құлдыраса, халықтың қолындағы қаражат бір-ақ сәтте екі есе құнсызданды. Девальвация болды, доллар қымбаттады. Ба­ға­лар көз алдымызда өзгер­генімен, жалақы өзгере қоймады. 2019 жы­лы сең бұзылды. Президент Тоқаев сайлана сала қаншама несиені амнистиялады, жалақыны өсірді. Қысқасы, әлеуметтік қолдау про­цесі қызу жүріп жатыр. Халық оны сезініп үлгерді ме, азаматтарға ақша тарату қашанғы жалғасады – ол енді уақыттың енші­сін­де­гі сұрақ…

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

 
Тегтер: БюджетдамуЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіКедейліккедейлік қақпаны
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Келесі жаңалық

«Сайлау қыста өтсе, қалың куртка мен шапка алатын едік дейтінбіз» – Тұрсынбек Қабатов

Ұқсас жаңалықтар

Маңғыстау
Жаңалықтар

Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды

Ақпан 25, 2021
бала
Жаңалықтар

Красноярскте өз баласын сатпақ болған қазақстандық ұсталды

Ақпан 25, 2021
Павлодар облысында өрт сөндіруші қаза болды
Жаңалықтар

Павлодар облысында өрт сөндіруші қаза болды

Ақпан 25, 2021
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті
Жаңалықтар

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды

Ақпан 25, 21:11

Красноярскте өз баласын сатпақ болған қазақстандық ұсталды

Ақпан 25, 20:37

Павлодар облысында өрт сөндіруші қаза болды

Ақпан 25, 19:41

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалап көмек көрсетті

Ақпан 25, 19:17

Жоғары оқу орындарының саны неге қысқарып жатыр?

Ақпан 25, 19:00

Қарақшылар балаларды байлап тастап, үйді тонаған

Ақпан 25, 18:57

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақпан 25, 18:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Маңғыстау

Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды

Ақпан 25, 2021
бала

Красноярскте өз баласын сатпақ болған қазақстандық ұсталды

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»