Жолда қалған шетелдіктерді құтқарды
Жолда қалған шетелдіктерді құтқарды

Ақмола облысында жолда қалған түркиялық 3 азаматты құтқарды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігінің жанармайы суықта қатып қалған.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер: «Ақмолалық жол-патрульдік полиция экипажы «Екатеринбург – Алматы» тас жолының бойында, нақтысы, Целиноград ауданының Астраханка ауылы тұсында тоқтап қалған жүк көліктерін байқаған. Полиция капитаны Азамат Сапарова және полицияның аға лейтенанты Асқар Игібаев көлік жүргізушісінен мән-жайды анықтаған. Көліктің жанармайы қатып қалған. Жүргізуші мен оның екі көмекшісі Түркия азаматтары және жүк тасымалымен айналысады. Тәртіп сақшылары түркиялық азаматтарды өтіп бара жатқан өзге көліктерге отырғызып, Нұр-Сұлтанға жіберді. Шетелдік көлік пен ондағы жүктің қауіпсіздігі  қамтамасыз етіледі», – дейді.