Су тораптары жөнделетін түрі жоқ
Су тораптары жөнделетін түрі жоқ
215
оқылды

Сыр елінің ауыл шаруа­шылығы мен индустрия-инновация саласындағы жұмыстары алға баспай тұр. Жыл сайын кейінге шегеріліп келеді.  Неге?

Қызылорданың күріштен кейінгі брендіне айналады деп сен­дірген шыны зауыты, сол жағалаудағы жаңа қала құрылысы ауыз толтырып айтатындай жаңа­лық еді. Он жыл бұрын арман­даған «сақалды зауыт» әлі пайда­лануға берілген  жоқ. Зауыт құ­рылысы­ның басталғанына қанша уақыт өтті. Бірінші жұмысты қол­ға алған компания жұмыс іс­теуден бас тартты. Одан соң  екін­ші компанияға өтті. Бүгінде құ­рылыс жұмыстары баяу жүруде. Шыны зауыты, бұдан соң театр ғимаратын, неке сарайын саламыз деген бас­таманың барлығы аяқсыз қалды. Қызылорда облысының әлеу­меттік-экономикалық дамуы­ның 2019-2022 жылдарға арналған кешені жоспарланған бола­тын, сондай-ақ Қызылорда об­лысы­ның төрт су шаруашылығы  жобасын іске асыру көзделген еді. «Қара өзек», «Күміс­кеткен», «Қызылорда су торабы». «Көкарал бөгетін сақтау» және Сырдария өзенінің сағасын қал­пына келтіру үшін су қоймаларын салу керек. Су қоймалары  су жинап, сақ­тауға мүмкіндік береді. «Әй­тек» су торабын жөн­деу де өзекті. Су тора­бын су шайып, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Бұл жерлерге бекіту жұмыстары жүргізілді. Түпкілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасына су ресурстары комитетінен 48 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын жеделдету шаралары қабыл­данған еді. Экс-әкім Қ.Дос­майылұлы 2020 жылы  уәде берген еді. Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау жоба­сының екінші ке­зеңінің үш компоненті Қызыл­орда су тора­бын қайта жаңарту бойынша жұ­мыстар биыл бас­талуы керек  бо­латын. Облыс әкімі Гүлшара Нау­шақызы аз уақыт болса да, перспективалық жобаларды жү­зеге асыруға кірісті. Дегенмен түйіні шешілмеген мәселелер әлі бар. Бүгінде жұмыс істеп тұрған гидротехникалық Қызылорда су торабы өткен ғасырдың 50-жыл­дары салған және апатты жағ­дайда тұрғаны туралы жиі  ай­тылу­да. Су торабы бұзылған жағ­дайда шамамен  400 мыңнан ас­там халық қоныстанған үш ау­дан мен Қызылорда қаласы аума­ғында 250 мың гектар шабындық пен жайылымы 110 мың гектар суар­малы жерді сумен жабдықтау жүйесі қоса бұзылады. Қызылорда облысында 38 елді мекенді су басу қаупі бар. Осыған байланысты Қызылорда су торабына ре­конструкциялау жұмыстары жүр­гізілуі қажет. Әйтсе де 1964 жылы салынған «Қызылорда жылу элек­тр орталығы» мекемесінің жаб­дық­тары да әбден тозған. Бұл Қы­зылорда қаласында  700-ге жуық көпқабатты тұрғын үйдің жылу­мен жабдық­талмай қалуына тікелей әсер етеді. Облыс әкімі Гүлшара Әбді­қалықова алдағы уақытта осы жұмыстарды жүр­гізуге перспек­тивалық жоба­ларды барынша тездетпек. Бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыс­қа об­лыс әкімі Гүлшара Әбді­қалық­ованың көңілі толар емес. Себебі жұмыстың бәрі жүйесіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын ашыл­ған өндірістік кәсіпорын­дардың кейбіреуінде қара құлып тұр. 2018-2019 жылдары салынуы керек неке сарайы да кейінге қалдырыл­ды. Үкімет басшысы А.Мамин табысты жобаларды іске қосу жө­нінде  Қызылорда облысы арт­та қалғанын атап айтқан болатын. Жыл басынан бері де, алғашқы тоқсан бойынша да көрсеткіш төмен болды.

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы