«Жер алып беремін» деп 9 адамды алдаған алаяқ ұсталды
«Жер алып беремін» деп 9 адамды алдаған алаяқ ұсталды
201
оқылды

Бұл туралы 24.kz жазды.

Жәбірленушінің айтуынша, «ескі танысы әрқайсысы 15 сотық болатын 4 жер телімін алып беремін» деп 1 800 000 теңге ақшасын алған. Көп ұзамай ізін суытқан. Алайда тәртіп сақшылары алаяқты үйінен ұстады. Тергеуде белгілі болғандай, ол бұдан бөлек тағы 8 тұрғынды алдап кеткен. Кейбіріне тіпті заңсыз құжат дайындап беріп, жәбірленушілер ол жерге үй салуды бастаған. 8 адамға келген шығын көлемі шамамен 4 миллион теңге болып отыр.

Кентау қалалық полиция бөлімінің тергеушісі Жұлдыз Жорабаева: «Аталған оқиға бойынша Е. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тіркелді. Күдікті  уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Аталған оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деді.