Бес облыста ескерту жарияланды
Бес облыста ескерту жарияланды
139
оқылды

Қызылорда, Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет.

3 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс, шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Сол күні Көкшетау қаласында тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде және Ақтөбе қаласында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

3 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні түнде және таңертең Қостанай қаласында тұман, көктайғақ күтіледі.