Астанада жаппай төбелеске қатысқан екі адам қайтыс болды
Астанада жаппай төбелеске қатысқан екі адам қайтыс болды

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

«22 желтоқсанда сағат 23:30-да 102 нөміріне Бетон зауытының аумағында жаппай төбелес болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полицейлер барған. Төбелестен кейін екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Бірі кеудесінен, екіншісі ішінен пышақ жарақатын алған. Екеуі де қайтыс болды», – дейді полицейлер.

39 және 44 жастағы екі азаматтың қызылордалық екені анықталды. Кейінірек ауруханаға төбелеске қатысқан 24 жастағы жігіт оқ жарақатымен жеткізілді. Полицияның мәліметінше, төбелеске қарыз себеп болған.

«Төбелеске 11 адам қатысқан. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген ресми хабарламасында.