Ресейлік балуан «Әлем барысы» атанды
Ресейлік балуан «Әлем барысы» атанды
193
оқылды

«Әлем барысы» әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Шешуші сәтте отандасымыз Айбек Нұғымаров Ресей балуаны Роман Бобиковтен жеңілді.

Сонымен, қазақ күресін әлемге танытқан «Әлем барысы-2019» турнирінің жеңімпазы ресейлік Роман Бобиков. Ол финалда отандасымыз 2 дүркін «Әлем барысы» чемпионы Айбек Нұғымаровты ұпай санымен ұтты.

Айта кетейік, былтыр Роман Бобиков «Әлем барысы» чемпионатында Грузия балуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ санатына бас жүлде алған болатын.

Осылайша, Айбек Нұғымаров күміс жүлдеге, Мақсат Исағабылов қола жүлдеге ие болды.

Бобиков.jpg