Ұлы дала Жаңа жылына Мұстафа Сандал келе жатыр – AstanaTV
Ұлы дала Жаңа жылына Мұстафа Сандал келе жатыр – AstanaTV

ULY DALA JANA JYLY сағат 16:00-де басталып, 10 сағат бойы жалғасатын ең ұзақ жаңажылдық жоба.

Жобаның басты ерекшелігі – еліміздің 17 аймағынан келген ең танымал артистер өне көрсетеді. Жаңажылдық мерекелік кештің форматы «Евровидение» ән байқауына ұқсайды. Сахнада танымал әншілермен бірге, белгілі артистер, спортшылар, медиа саласының жұлдыздары, вайнерлер мен блогерлердің өнерін тамашалай аласыздар. Осылайша, көрермен әсем ән тыңдап, әзіл-сықақты тамашалайды.

Жаңажылдық мерекелік кештің құрметті қонағы – түрік эстрадасының жұлдызы Мұстафа Сандал.

Жаңажылдық шоу Шымкент қаласында түсіріледі. Музыкалық қойылымдар арасында шығыс базары әсем безендіріліп, көрермен жаңажылдық ертегілер әлеміне саяхаттайды.   https://youtu.be/iSz8xN7V9iY

31 желтоқсан күні сағат 16:00-де AstanaTV-дан ULY DALA JANA JYLY жаңажылдық шоуды тамашалаңыз!