Рудныйда 13 жастағы бала жоғалды

Рудныйда 13 жастағы бала жоғалды

Аталған оқиға туралы Рудный қалалық полиция қызметінен хабарлады, –деп жазады kstnews.kz.

 Хабарламада: «Матвеев Денис Вячеславович 23.04. 2006 ж., 28 қараша сағат 07: 50-де мектепке кетіп, қайта оралмады», деп жазылған.

Ол үстіне қоңыр күртеше, қара шалбар, ақ көйлек, қара етік киген.

Өзімен бірге қара рюкзак, спорттық формадағы қызғылт сары түсті сөмке алған.

Егер оқушы жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Рудныйдың полиция бөліміне мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 3-31-27, 3-30-20, 87754359044, 87083389355, 87478068464 немесе «102».

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланы іздестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Арнайы топ волонтерлармен бірге

үш күннен бері іздеу шараларын жалғастырып жатыр.