Nur Otan партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанат Елеусізов пен спорт саласының өкілі Анастасия Эйникис Бескөл ауылының «Семейный» супермаркетінде және Қызылжар ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Жанат Қалелұлы баласымен бірге супермаркетте халыққа қызмет көрсете отырып олардың сұрақтарына да жауап берді. Тұтынушылардың басым бөлігі Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты сұрақтар қойды. Қария кісілер көбіне елдің болашағына алаңдайтындықтарын білдірді. Партия өкілдері бүгінгі күнге дейін жеткен бейбітшілік пен татулық, тұрақты экономикалық өсім, әлеуметтік жағдайдың жақсара беретінін жеткізді. Себебі партия 5 жылға арнаған сайлауалды бағдарламасында барлығын қарастырған. Сонымен қатар Жанат Елеусізов сайлаушылардың сенімдерін нығайтып, белгіленген күні Елбасы партиясына дауыс беруге шақырды. ХҚКО-дағы кездесуде Анастасия Александровна да қызылжарлықтардың назарынан тыс қалған жоқ. Сайлаушылра партияның жеңісі жағдайында ауданның және жалпы елдің жағдайы қандай болатынын білуге тырысты. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырды. Ол 10 қаңтарда сайлау өтетінін еске салып аудан тұрғындарының дұрыс таңдау жасайтындығына сенім білдірді.«Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді