7 өңірде ескерту жарияланды

7 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шымкент қаласында түнде тұман болжанады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, түнде солтүстігінде қатты аяз 22°С болады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желді күші 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында сондай-ақ тұман болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 5-20 жетеді.