Шымкент қаласында қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Evolution Corporation және Indigo24 ұйымдарына қатысты. 23 қарашада Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының шешімімен 6 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.