Ядролық электорат шоғырлануда
Ядролық электорат шоғырлануда
5,118
оқылды

Ақтөбе облысында Nur Otan партиясы акти­ві­нің оты­­ры­­сы өтті. Іс-ша­рада Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Тө­ра­ғасы Н.Назар­баев­тың жүк­те­ген тапсырма­ла­ры тың­­­дал­ды. Жиынға сая­си кеңес мүшелері, бар­лық дең­гейдегі мәслихат хат­шы­лары мен фракция жетек­­шілері, партияның ау­дан­дық филиал төра­ға­ларының бі­рініші орынба­сар­лары, бас­тауыш партия ұйым­дарының төрағалары қатысты.

– Елордадағы кездесу бары­сында Елбасы партияның өңір­лердегі негізгі бағыттарына тоқ­­талды. Біріншіден, әрбір әкім мен мә­слихаттардағы фрак­­ция де­путат­тарының пар­­тиялық жауап­кер­шілігін күшейту, бөлінетін бюджет қар­жысының тиімді жұм­са­луын бақылау, депутаттардың жұ­мысын жақсарту және бар­лық мәслихаттың мәртебе­сін нығайту жөніндегі шара­лар. Сондай-ақ Елбасы сапалы пар­тиялық тізімді қалыптастыруды тапсырды. Ішкі партиялық ірік­теу жүргізу маңызды. Сайлау алдындағы партиялық тізім бойынша әрбір мәслихатта әйел­дердің үлесі 30%, ал жастар­дың қатары 20%-ды құрауы тиіс, – деді облыс әкімі, Nur Otan партиясы филиалының төрағасы Оңдасын Оразалин.

Nur Otan партиясы облыс­тық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Дариға Исмағамбе­това өңірде ат­қарыла­тын жұ­мыс барысын баян­дады. Пар­тияны қай­та жандандыру бағ­дар­­­ламасы­ның басым ба­ғыт­­тарының бірі – «Ядролық элек­торат­ты» шоғырландыру. Жуырда Мұғалжар ауданында партия­ның кадрлық резервіне пилот­тық іріктеу жүр­гізілген. Осы ірік­теуге үміткер ре­­тінде қатыс­қан «Мұғалжар газеті» бас­тауыш партия тобының же­тек­шісі Әнуар Искарин ашық­­тық пен халықпен тығыз байла­­ныстың маңызын атап өтті.

Басқосуда Ақтөбе облысы маслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова депутаттар тарапынан жасалған жұмыстарға тоқталды. Өңір басшысы пар­тия­ның саяси кеңесінің кеңей­тілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партияны қайта жан­дан­дыру бағдарламасы іске қосыл­ғанын жеткізді.

– Партиялық ішкі прай­ме­ризді түсіндіру және дайын­дық жұмыс­тарын жүргізу, тәуел­сіздік жылдары жеткен жетіс­тіктерді, «Қазақстан – 2050» стратегиясын, Nur Otan партия­сы­ның қайта жандандыру жұ­мыс­тарын халыққа жеткізу қа­жет. Сайлауалды бағдарламаның жобасын әзірлеу, 2020-2023 жыл­дарға арналған бюджет қаржы­сының жұмсалуы да ашық бо­луы тиіс. Бәріне партиялық мони­торинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Жиын соңында аймақ бас­шысы партия қатарына қабыл­данған 10 азаматқа партия би­летін сала­танатты түрде та­быс­тап, «Үздік бастауыш пар­тия ұйымы» респуб­ликалық бай­қауы­ның облыстық кезең жеңім­паздарын құттықтады. Соны­мен қатар 4 партия ар­да­ге­ріне алғысхаттар тап­сы­рылды.


Әбілмансұр ЖАСАН