Nur Otan партиясынан Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер өңір тұрғындарымен кездесуде.
Жалпы Екібастұзда Nur Otan партиясынан сайлауалды бәйгеге 43 кандидат түсті. Олардың 32-і – қалалық мәслихатқа, 11-і – Павлодар облысының мәслихатына.
Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты сайлауалды кампания онлайн-шаралардан басталған болатын. Кандидаттар әлеуетті сайлаушылармен Zoom-конференциясы және әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
Өткен аптада кандидаттармен дәстүрлі түрдегі кездесулер өткізуге рұқсат беріліп, шаралардың басым бөлігі «онлайннан» «офлайнға» ауысты. Үміткерлер барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сайлаушылармен өндіріс алаңдарында және шағын аудандарда кездесті. Осы күнге дейін екібастұздық кандидаттардың сайлаушылармен 43 кездесуі өтті. Олардың 14-і – онлайн, 29-ы – «жанды» форматта.
Кездесу барысында өңір тұрғындары жолдарды жөндеу, коммуникацияларды ретке келтіру, балалар ойын алаңшалары және спорт кешендерінің санын арттыру, пандемияның қазіргі ахуалы, азық-түлік пен халық тұтынатын тауарларға бағаның өсуі, жалпы орта білім беру мекемелерінің жұмысы, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін көтеріп, көкейінде жүрген сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.
– Екібастұздықтар сайлауалды кампанияға белсенді қатысуда, – деді Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық сайлауалды штабының төрағасы Нияз МАКРАЕВ. — Өңіріміздің тұрғындары қала мен ауылдың проблемаларына бей-жай қарай алмайды, жақындарына, жерлестеріне көмектесуге әрдайым дайын. Әсіресе, екібастұздықтардың осындай ауызбіршілігі карантин кезінде анық байқалды. Қалалықтар 10 қаңтар күні өтетін сайлауда дәл осындай азаматтық белсенділік танытады деп сенемін.
Айтып өту керек, Екібастұз өңірінде жүз мыңнан астам әлеуетті сайлаушы тұрады.
Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық
Сайлауалды штабының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.К.Макраев.