ІМ Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің соңғы үрейлі жазбасы жарияланды, - деп жазады qamshy.kz Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.
Сайттың жазуынша, оқиға 13 желтоқсанда болған. ІІМ академиясы Саламаттың ата-анасына баласының өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлаған. 15 желтоқсан күні Саламаттың денесі Орал қаласына жеткізілді. 16 желтоқсанда Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылында жерленді. Басылым журналистері Саламаттың анасы Бекзат Иманғалиевамен хабарласқан. Оның айтуынша, Саламат қайтыс болғанға дейін ата-анасынан жиі-жиі ақша аударуды сұрап жүрген. Соңғы үш айда әдеттегіден де көп ақша сұраған.Саламат өлімі алдында сағат 11.00-ден 17:00-ге дейін ағасынан 300 мың теңге жіберуін сұраған. Алайда ағасының ауылында интернет нашар істегендіктен, хабарлама кеш жеткен. Саламаттың соңғы хабарламасы 16:31-де келген. Ол ағасына "мен кеттім" деп жазып, белдігінің және өзінің соңғы суретін жіберген.
– 2020 жылдың 13 желтоқсанда курсант Саламат Өтегеновтің асылып қайтыс болғанын хабарлаймыз. Аталған дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тергеу барысында академия қызметкерлері мен курсанттары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер анықталған жоқ, – деді ІІМ академиясындағылар.