Марафоншылар жолға шықты
Марафоншылар  жолға шықты
189
оқылды

«Нұр-Сұлтан – Түркістан» марафонының қатысушылары 7 күн бойы 1 400 шақырымды жүгіріп өту үшін жарыс жолына шықты. Марафон Қарағанды облысы аумағындағы Бетпақ­дала шөлі арқылы өтеді.

Шараны ұйымдастыру­шылар Нұр-Сұлтанның мем­лекеттік рәміздері алаңында жа­рысқа қатысушылармен бір­ге марафонның ашылу салта­натын өткізді. Оған белгілі спорт­шылар, депутаттар, Nur Оtan партиясының өкіл­дері, қоғам қайраткерлері, елор­да­лық кәсіпкерлер мен құрылыс­шылар қатысты. Марафон­шылар халықпен кездесу үшін Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы арнайы аялдамаларға аялдайды.

Марафонның басты мінде­ті – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, саламатты, белсенді өмір салтын қалыптастыру. Жарысқа қатысу үшін ең мықты 10 адам таңдалды, олардың ішінде танымал спортшылар, ультрамарафоншылар, мара­фон жүгірушілері, әуесқой жүгіру­шілер бар. Ұйымдастыру­шылардың айтуынша, қатысу­шылар арасында қатаң іріктеу жүргізілген. Нәтижесінде, ұзақ уақыттан бері жаттығумен айналысатын, спортпен шұғыл­данатын, басқа да марафон­дарға тұрақты түрде қатысатын марафоншылар таңдаудан өткен. Іс-шара барысында жү­гірушілер жолды тексеріп, толықтай қарап шыққаны белгілі болды.

Өйткені ұйымдастыру­шылар мен қатысушылар үшін маршруттың бұл бөлімі аса қауіпті мекен саналады. Жылдың осы мезгілінде шөл дала­­да қарлы боран соғады. Сон­дық­тан жүгірушілермен бірге жолда тәжірибелі құт­қару­шы­лар тобы, медициналық қыз­мет­керлер бірге еріп жүреді.

Жарыс кезінде марафон жетекшісі, «Қазақстан құры­лысшылар одағы» РОҚ төра­ғасы, Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев марафонға қа­тысушы қала, аудан және ауыл әкімдерімен, сондай-ақ тұрғындармен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, 28 қарашада ресми түрде басталған марафон Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып отыр. «Нұр-Сұлтан –Түр­кістан» марафонының бас де­меушісі – Stroiklass құ­рылыс ком­паниясы. Іс-шараны ұйым­дас­тыруға «Астана же­лаяғы» марафон клубы қоғам­дық бірлестігі, РЗТҚ «Қа­зақстан құрылысшылар одағы», Nur Otan партиясы, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мұрындық болуда.