Алматы облысындағы құс фабрикасында 40 мың тауық қырылып қалды
Алматы облысындағы құс фабрикасында 40 мың тауық қырылып қалды
111
оқылды
Алматы облысындағы құс фабрикасында 40 мың тауық оттегі жетіспей, тұншығып өлді, - деп хабарлады  Ұйғыр ауданы әкімдігі. 2020 жылдың 18-19 желтоқсан аралығында «Otan Green Food» ЖШС №2 бройлер цехының №3 корпусында 41 002 бас құс өлген.
«№3 корпуста компьютердің жұмысы бұзылғандықтан желдеткіш клапан ашылмай қалған. Сондықтан құстарға оттегі жетпеген. Сонымен қатар, корпустың іші қыза бастаған»,- деп хабарлады мекемеден.
Бұл деректі құс фабрикасының ветеринарлық қызметі де растады. Облыстық әкімдік «Otan Green Алматы Food» ЖШС-ның басқа құстары аман екенін хабарлады.
«Құс фабрикасы кұс тұмауына қатысты серологиялық талдау жасап жатыр. 10 желтоқсанда ИФА тәсілімен жүргізілген зерттеу бойынша құс тұмауы анықталмады. Ауданда эпизоотиялық ахуал тұрақты. Басқа жағдайлар тіркелмеді»,- деді әкімдіктен.