Алматыда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметінің бұрынғы директоры сотталды. Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлайды. Алмалы аудандық сотының судьясы жедел жәрдем қызметінің бұрынғы директорына және қылмысқа қатысқан оның орынбасарына, фельдшерге, сондай-ақ кәсіпкерлерге үкім шығарды. Алматы «Жедел жәрдем қызметінің» бұрынғы директоры Азамат Әменов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның орынбасары Алмаутова 3 жылға сотталды. «Авангард-спецодежда Казахстан» ЖШС директоры мен коммерциялық директорға 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл – параның, яғни 2,7 миллион теңгенің жиырма еселенген мөлшері. №3 станциясының аға фельдшері Құрманғалиева 1 миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Бұл – пара көлемінен он есе көп.
«Жедел жәрдем қызметінің директоры Әменов пен оның орынбасары Алмаутова «Авангард-спецодежда Казахстан» ЖШС директоры Саядова мен сол компанияның коммерциялық директоры Аксеновтен «Авангард-спецодежда Казахстан» ЖШС-мен 27 202 560 мың теңгеге 230 медициналық сөмкелер жинағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға көмектескені үшін 2,7 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Құрманғалиеваға екі фельдшерді жұмысқа орналастырғаны үшін Әменовке 100 мың теңге пара берді деген айып тағылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.