Өзі табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және басқаларды жұмыспен қамтитын кәсіпкерлерге мемлект тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Бұл туралы «ақжолдықтар» «Казполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу барысында мәлімдеді. Кәсіпорын Қазақстанға, жақын және алыс шетелдерге арналған қаптама өнімдерін шығарады, сонымен қатар бірқатар жаңа бағыт бойынша жұмыс істейді. Соңғы бес жылда өндірістегі жабдықтар толығымен жаңартылды.
«Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап жатыр. Бірақ егер біз отандық өндірушіні қорғағымыз келсе, оған ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүгінгі таңда бізбен негізінен шетелдік және ресейлік кәсіпорындар бәсекелеседі. Ал шикізат бізден толық сатып алынады және оған дотация қажет. Бүкіл елдің экономикасы жұмыс орындарын құратын және салық төлейтін мықты зауыттарға байланысты. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінетін бюджет қаражатын мемлекеттік тапсырыстарға ашық түрде бөлу керек», – деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Темірлан Оралбаев.«Ақжолдықтар» партияның сайлауалды бағдарламасы, бизнесті қолдау жөніндегі жұмысы пен әлеуметтік саладағы бастамалар туралы айтып берді.
«Ақ жол» партиясы бизнестің негізгі мәселелерімен таныс. Біздегі бағдарлама шынайы жағдайға негізделген. Біз нақты шараларды ұсынамыз. Бұл - салықтық рақымшылық, шағын және орта бизнесті төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін салықтан босату, салалық мөлшерлемелерді төмендету, ҚР ҰБ базалық пайыздық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен ЕДБ несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету», – дейді Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Әділжан Құдайбергенов.Үгіт-насихат тобының мүшелері «Казполиграф» ЖШС ұжымын сайлауға белсенді қатысуға және бизнес мүддесін қолдайтын партия – «Ақ жол» үшін өз дауыстарын беруге шақырды. Олар сайлаушыларды «Ақ жол» партиясы отандық бизнес пен қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыратынына сендірді.