Мұғалімдерге арнайы өтемақы төленуі тиіс
Мұғалімдерге арнайы өтемақы төленуі тиіс
102
оқылды
Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облысы бойынша сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы политехникалық колледж оқытушыларымен болған кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
– Оқу қолжетімді болуы керек. Ол үшін тегін білім алуға көшу қажет. Біз қажеті шамалы жоғары оқу орындарының санын қысқартып, оқыту сапасын арттырамыз, бағдарламаларды экономика қажеттіліктеріне қарай қайта қарайтын боламыз. Мұғалімнің мәртебесі тек заңмен ғана емес, сонымен қатар материалдық тұрғыдан да қамтамасыз етілуі керек. Бұл ретте, оларға арнайы төлемдер мен ақшалай өтемақылар төленуі тиіс, – деді жиналғандарға партияның бағдарламасын түсіндірген сайлауалды штабтың жетекшісі.  width=Электорат Қазақстан Халық партиясы көтеріп отырған әлеуметтік қайта құру бастамаларына ерекше назар аударды. Тұрғын үй мәселесін шешу, сапалы және қолжетімді медицина, лайықты қарттық, индустрияландыру, қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мұның бәрі ел азаматтарын толғандырып отырған мәселелер. Сайлаушылардың пікірінше,  ұсынылған бағдарлама біртұтас, сондай-ақ ол қазақстандықтардың шынайы әлеуметтік мемлекет құруға деген ұмтылысын көрсетеді.