Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Құзырлы органдар ресми хабар таратқан жоқ. Ал көршілер «Бала отбасылық жанжалға шыдай алмаған болуы мүмкін» дейді.Көршілердің айтуынша, үйде әйел ұл-қызымен бірге тұрған. Бұрынғы күйеуі жиі келіп, жанжал шығаратын көрінеді. Жеткіншек 8-қабаттан құлардың алдында әке-шешесі тағы ұрысып қалған болса керек. Бірақ бала соның кесірінен секірді ме, әлде абайсызда құлап кетті ме әзірге белгісіз. Биіктен құлаған оқушының бассүйегі жарылып, миы шайқалған. Ішкі ағзаларына да зақым келген. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетсе де, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.«Әкесі мен шешесі ұрысып қалған дейді. Ажырасып кеткен. Папасы «келем» деген, мамасы кіргізбеген. Әкесін жақсы көретін баласы содан құлады деп айтып жатыр», – дейді тұрғындар.
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов: «Екі рет жүрегі тоқтады. Екі рет жанын алып қалуға күш салдық. Жансақтау бөлімінде көрсетілген шараларға қарамастан, сағат 00.45-те бала қайтыс болды», – деді.