Жаңа жылда Аяз ата шақыруға тыйым салынды

Жаңа жылда Аяз ата шақыруға тыйым салынды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.

«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, Аяз ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық ертегі кейіпкерлерін үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады» делінген жаңа қаулыда.

Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді. Бұған дейін Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулы қабылдағанын жазған болатынбыз.