Лионель Месси алтыншы рет «Алтын доптың» иегері атанды
Лионель Месси алтыншы рет «Алтын доптың» иегері атанды

Парижде France Football журналының ұйымдастыруымен «Алтын доп» иегері анықталды.

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Италияның «Ювентус» командасының ойыншысы жылдың ең үздік жас футболшысы атағын иеленді. Англияның «Ливерпуль» клубынан Бекер Алисон – үздік қақпашы, ал американдық Меган Рапино қыздар арасында «Алтын доп» иегері атанды. Испанияның «Барселона» командасының аргентиналық жартылай қорғаушысы Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды.


месси3.jpg

Фото: Reuters

Месси бұған дейін де 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары «Алтын доп» иегері атанған.

Айта кетейік, биыл аталмыш жүлдеге үміткерлер көп болды. Бұған дейін «Алтын доп» иегері кім болады?» деп жазған болатынбыз.