Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсанда сағат 21:55-тер шамасында болған.«Электровоз басып кеткен 1956 жылы туған ер адам жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақ шынтақ сүйегінің сынуы, жамбас сақинасының жабық сынуы, оң жақ сан сүйегінің жабық сынуы, 2-3 дәрежелі травматикалық шок диагноздарымен ауруханаға түсті», – деп хабарлады басқарма өкілі.
Жарақат алған ер адамның ішімдік ішкені белгілі болды.