Ұлттық банк Galymzhan 2.0. жүйесін іске қосты
Ұлттық банк Galymzhan 2.0. жүйесін іске қосты
5,160
оқылды

Ұлттық банк бағаны бақылайтын Galymzhan 2.0 жүйесін іске қосты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов Facebook-тағы парақшасында жазды.

Galymzhan 2.0 арқылы тауардың коды бойынша барлық мәліметті білуге болады. Бұл – интернет-дүкендерде баға туралы ақпараттарды бір орталыққа жинайтын жасанды интеллект.

Қолданысқа енгізілген жаңа тәсіл сауда орталықтары, дүкен, базарлардағы бағаны бақылайды. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Шымкентте сынақтан өткізілуде. Қазір 19 түрлі азық-түлік тауарлары туралы сараптап, талдап, бағасы туралы мәліметті бір орталыққа жинақтайды. Болашақта қадағаланатын тауар саны 3500-ге дейін көбейтілмек.