Жыл сайын 250 бизнес жобаға қаржылай қолдау көрсетіледі
Жыл сайын 250 бизнес жобаға қаржылай қолдау көрсетіледі
110
оқылды

Nur Otan партиясынан Жамбыл облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Досбол Жылқыбаев Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы «Заңғар» сауда орталығында кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, партияның 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басты 7 бағытын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шағын және орта бизнес ел экономикасының тірегі саналады. Сол себептен де саланың дамуына Nur Otan партиясының мүдделі болуы қуантады. Әсіресе әлемдік пандемия салдарынан тығырыққа тірелген бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан жеңілдік жасауында да партия бастамашы болды. – Nur Otan партиясы пандемия салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің қызметін қалпына келтіру үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен  бірге мемлекеттік қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасайтын болады. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 250 жобаға жыл сайынғы қаржылай қолдау көрсетілмек. Сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Тараз,  Жаңатас, Қаратау қалаларында 35 жоба іске асырылса, 2600 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге несие беріледі. «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жыл сайын 20 жоба қаржыландырылып, іске асырылады. Бұған қоса екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы» «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға несие беріледі. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өседі. Бұл – Nur Otan партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасының кәсіпкерлік саласындағы басымдықтары. Кәсіпкер ретінде мұндағы кейбір басымдықтардың кәсіп иелерінің көкейінде жүрген мәселелерді шешуге бағытталғанын сеніммен айта аламын. Сондықтан да сіздерді кәсіпкерлердің мүддесіне мән берген партияға дауыс беруге шақырамын, – деп атап өтті Досбол Мәлікомарұлы.

Nur Otan партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді