Жаңа жылда Медеу мен Шымбұлақ жұмыс істейді
Жаңа жылда Медеу мен Шымбұлақ жұмыс істейді
5,175
оқылды

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

Белгіленген тестілеу режиміне сәйкес, шектеулерді сақтай отырып, туризм нысандары – «Медеу» спорттық-сауықтыру кешені өзінде бар орындардың қамтылу деңгейін 50%-дан асырмай, ашық аспан астында келушілерінің арасындағы 2 метр алшақтықты міндеттеу арқылы өз жұмысын жалғастырады, бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, қонуға арналған баспана қызметтерін (қонақ үйлер, демалыс орын-жайлары) ұсыну саласындағы нысандар мен ұйымдарға COVID-19 бойынша ПТР-анықтамасынсыз жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; ал келушісі 3 тәуліктен астам уақытқа болатын туристік нысандар (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, туристік лагерлер) үшін келушісінен ПТР-анықтама талап етіледі. Ғимаратты адам қабылдау мүмкіндігінің 80% санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қолданған жағдайда оның жарамдылық мерзімі 72 сағаттан кем болмауы тиіс.