Келер жылы Димаш Құдайберген Германия мен Чехияда жеке концертін өткізеді
Келер жылы Димаш Құдайберген Германия мен Чехияда жеке концертін өткізеді

Әнші Instagram-дағы парақшасында 2020 жылғы жоспары жайлы жазды.

Димаш Құдайберген Германия мен Чехияда жеке концертін өткізеді. Ол 2020 жылы 19 наурызда – Гамбург, 21 наурызда – Дюссельдорф, 25 наурызда –Прага және 28 наурызда Штутгартта жеке концертін өткізеді.

Ол тыңдарманын Чехия астанасында өтетін концертіне шақырды. Instagram-дағы парақшасында: «Қымбатты достар, 25 наурызда Прагадағы Tipsport-Arena стадионында жеке концертім өтеді. Келіңіздер, сіздерді көңілді кеш күтеді!» – деп жазды әнші.