Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады
Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады
120
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады, - деп хабарлады Ақорданың ресми  сайты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады. Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.