Елордада жексенбіде қоғамдық көлік жүреді

Елордада жексенбіде қоғамдық көлік жүреді

Жексенбі, 27 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы барлық қалалық және қаламаңы жолаушылар автобустары түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады. Қоғамдық көліктерде маска тағу міндетті. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Отырғызу тек алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Жол ақысы қолма-қол төлемсіз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы жүзеге асырылады.