Мысыр: Көшеде жұрттың мазасын алатын саудагерлер айыппұл төлейді
Мысыр: Көшеде жұрттың мазасын алатын саудагерлер айыппұл төлейді
133
оқылды

24.kz-тің хабарлауынша, Мысыр билігі көшеде жұрттың мазасын алатын көше саудагерлерімен күресті бастады.

Себебі шетелден демалуға келетін саяхатшыларға жармасып тауарын ұсынатын сатушыларға арыз-шағым көбейген. Мысырлықтар сауданы өнердің ерекше түрі деп бағалайды. Бірақ жергілікті саудагерлердің жағымсыз әрекеті елдің имиджіне зиян келтіре бастаған. Сондықтан билік олармен заң жүзінде күресуді қолға алды. Енді демалушыларға өз тауарларын тықпалап, мазасын алатын саудагерлерге 625 доллар мөлшерінде айыппұл салынбақ.

625 доллар айыппұл – мысырлықтар үшін өте қомақты сома. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. Саудагерлерді тексерумен полиция айналыспақ.