Министр анасы далаға жалаңаш қуып шыққан 8 жасар қызға қатысты пікір білдірді
Министр анасы далаға жалаңаш қуып шыққан 8 жасар қызға қатысты пікір білдірді
134
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов киімсіз қуып шыққан 8 жасар қыздың анасына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, онда арнайы топ жіберілген. Қамқорлық органдары мен ювеналды полиция тиісті жұмыс жүргізуде. Мемлекет бұл жағдайда өте жылдам әрекет етуі керек.
«Қамқорлық органдары тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Әзірге бір нәрсе туралы айту ерте, не болғанын, жағдай қандай болғанын, себептерін анықтау керек. Заң аясында ең қатаң шаралар қабылданады», - деді Асхат Аймағамбетов брифингте.
Бұған дейін елордада сөзін тыңдамаған 8 жасар қызды анасы үйден далаға жалаңаш қуып шыққанын жазған болатынбыз.