"Сабақ алдым": 8 жасар қызын далаға жалаңаш қуып шыққан ана әрекетін түсіндірді
"Сабақ алдым": 8 жасар қызын далаға жалаңаш қуып шыққан ана әрекетін түсіндірді
5,109
оқылды

Белгілі тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан аязда 8 жасар қызын ішкиіммен далаға қуып шыққан елордалық әйелмен сөйлескенін айтты. Тележүргізуші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, келіншек қызына басқа біреудің затын алғаны үшін ашуланған және қазір бұл әркеті үшін өкініп отыр.

"Сабақ алдым. Ақшаның жетіспеушілігінен, бөлме жалдаудан, үнемі жұмыс іздеуден шаршадым. Кеше балаларға ашуландым. Мен олардың басқа біреудің затын алғанын қаламаймын. Бұлай болмауы керек екенін түсіндіру үшін қызымды далаға шығарып жібердім" -деп түсіндірген қылығын әйел.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда анасы өзін тыңдамаған 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жасар қызын жалаңаш далаға қуып шыққанын жазған болатынбыз.