Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

2020: Қазақияны әлемге әйгілегендер

Осы жандардың жетістігіне бүкіл ел қуанып, қадамына тілектес болып отыр.

Анар Қоныс
Желтоқсан 24, 2020
Жаңалықтар, Видео
әлем

©Жұмабек Айқынұлы

792
қаралым

2020 жыл ешкімге оңай тимеді. Біз бүгін ауыртпалыққа толы сәттерден гөрі, елді елең еткізген жақсылықтарды бөлісуді жөн көрдік.  Әсіресе, елімізді әлемге танытқан қазақтарды еске алмақпыз.

әлем
©Жұмабек Айқынұлы

Әлемге танылған диджей Ақсу қаласының теміржолшысы екенін кім білген?! Павлодар облысының тумасы ең алғаш былтыр Saint Jhn-ның Roses әнінің ремиксімен танылды. Міне, сол кезден Imanbek атымен танымал болған Иманбек Зейкенов әлемге әйгілі әншілердің әндерін орындап, бүгінде музыка саласының Оскары саналатын АҚШ дыбыс жазу академиясының Grammy сыйлығына ұсынылды.

Әлем
©Сурет интернеттен алынды

Grammy – америкалық дыбыс жазу академиясының сыйлығы. АҚШ дыбыс жазу қауымдастығы 14 наурызда 1958 жылы құрылған. Музыка саласындағы ең жоғары марапаттың бірі саналады. Сыйлықтың музыканттар арасында  «Оскар» аталуы сондықтан. Recording Academy Grammy-дің жеңімпаздарын жыл сайын музыканың 30 жанры бойынша марапаттайды. Сыйлық жеңімпаздарының есімі 2021 жылдың 31 қаңтарында белгілі болады.

Қызығы, Иманбек ән айтқанды бала кезінен ұнатқан. Ал 8 жасында әкесі сыйлаған гитарада ойнап бастаған. Мамандығы – теміржолшы. Теміржол институтында оқып жүргенде-ақ Ақсу теміржол станциясында жұмыс істеді. Музыкамен айналысу – хоббиі. Арнайы музыкалық білімі жоқ. Сондықтан диджей пультін игеруді әлі де үйреніп жүр.

әлем
©Жұмабек Айқынұлы

Ақтаулық альбинос қыз. Есімі – Әсел Қалағанова. 10 жасынан модель мектебінде оқып, жарнамаға жиі түсіп жүр. Тіпті ол америкалық өнімнің жарнама ролигіне түсіп, еліміздің көрікті жерлерін көрсеткен.

Қазақстанда -40 градус аяз болады

Армиямыз әлі де КСРО-Ресей техникасына тәуелді

Ресейлік ресми фейктер экспортымызға соққы

Әлем
©Сурет интернеттен алынды

Әселдің өзінен аумай қалған Камила есімді сіңлісі бар. Жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы бірден байқалады. Бір қызығы, олардың бауыры Алдиярда мұндай ерекшелік жоқ. Жаратылысы бөлек қыздар бүгінде көптің назарында жүр.

Дәрігерлердің айтуынша, Қазақстанда альбиностың дүниеге келуі бір миллион адамнан біреуге тең. Бұл терідегі мелонин жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Сондықтан олар күндіз қалағанынша көшеге шыға алмайды. Көшеде көп жүру қатерлі ісікке алып келуі мүмкін. Сол себепті шектеу бар. Күнге қыздырынуды былай қойғанда, көшеге кешкі 6-7-ден кейін ғана шығуы керек екен.

әлем
©Жұмабек Айқынұлы

Junior Eurovision XVIII ән байқауында Қазақстан намысын қорғап, екінші орын алған Қарақат Башанова биыл танымал бола түсті. Бұл байқауда Франция атынан өнер көрсеткен Валентина бірінші, нидерландылық Unity тобы үшінші орын алды. Биылғы Junior Eurovision байқауына Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия елдерінің өнерпаздары қатысты.

Әлем
©Сурет интернеттен алынды

18-ші Junior Eurovision ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беру жүйесі  50% қазылар алқасының шешімі және 50% онлайн дауыс беру нәтижесіне байланысты болды. Junior Eurovision – Еуропалық хабар тарату одағы (European Broadcasting Union – EBU) ұйымдастыратын ән байқауы.

Ережеге сай, балалар арасындағы Евровидение (Junior Eurovision) мен негізгі Евровидение (Eurovision song contest) конкурсына Еуропа хабар тарату аймағына кіретін елдер ғана еш кедергісіз қатысады. Ал Еуропадан тысқары елдер EBU құрамына серіктес мүше бола алады. Қазақстан және мемлекеттік “Хабар” телеарнасы 2016 жылы Еуропалық хабар тарату одағына серіктес мүше ретінде кірген. Қазақстан бұл одаққа серіктес мүше болмай тұрып-ақ, Eurovision байқауын көрсете бастаған

әлем

 

«Оскар» жүлдесінің иегері – Жайдарбек Күнғожинов. Ол бұл марапатты «Томирис» фильміндегі трюктері үшін  алды. Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, трюктер қоюшы, каскадер Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығын иеленген еді.

Бұл жыл сайын әлемнің үздік каскадерлері, қоюшылары мен экшн-мамандарын марапаттайтын беделді сыйлық. Бұл – Қазақстан тарихындағы бірінші сыйлық.

Әлем
©Сурет интернеттен алынды

«Томирис» фильмі 2019 жылдың күзінде прокатқа шықты. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырдағы оқиғаларға арналған фильм ұлы дала  патшайымы – аңызға айналған Томиристің өмірі туралы баяндайды.

әлем
©Жұмабек Айқынұлы

 

Елді таңғалдырған тағы бір оқиға – Ақтауға қоқиқаздың  ұшып келуі. Сол кезде құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған.

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген.

Әлем
©Сурет интернеттен алынды

Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді. Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауына алынған.

«Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» демекші келер жыл елімізге тек қуаныш, жақсылық әкелсін. Халқымыздың мақтан етер азаматтары көбейе берсін!

 

 
Тегтер: АқтауӘсел ҚалағановаБеларусьГрузияЖайдарбек КүнғожиновИманбек ЗейкеновИспанияҚазақстанҚарақат БашановақоқиқазМальтаНидерландПольшаРесейСербияУкраинаФранция
Алдыңғы жаңалық

Қазығұрт ауданында алдағы 5 жылда 130 жоба жүзеге асады

Келесі жаңалық

Нұр-Сұлтанда супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейтін болды

Ұқсас жаңалықтар

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші
Жаңалықтар

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Қаңтар 22, 2021
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
Жаңалықтар

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды
Жаңалықтар

Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

Қаңтар 22, 2021
келіншек
Жаңалықтар

Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Қаңтар 22, 17:54

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қаңтар 22, 17:36

Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

Қаңтар 22, 17:13

Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

Қаңтар 22, 16:58

Бірқатар облыста жол жабылды

Қаңтар 22, 16:35

Тағы бір өңірде екі аптаға карантин енгізілді

Қаңтар 22, 16:25

Азаматтарды қабылдау қайта басталды

Қаңтар 22, 15:57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Қаңтар 22, 2021
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»