Шабындықтарды суару үшін Nur Otan қосымша қаржы бөлу мәселесін көтереді
Шабындықтарды суару үшін Nur Otan қосымша қаржы бөлу мәселесін көтереді
250
оқылды

Nur Otan партиясынан Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Нияз Макраев, Манат Алғамбаров және Бөгенбай Татаев бүгін Ақкөл мен Зеленая роща ауылдарында болып, сайлаушылармен кездесу өткізді.

Кездесуде Nur Otan партиясы Екібастұз филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нияз Құдайбергенұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаланы дамытудың 7 басым бағыты жайлы әңгімеледі. қаржы Келесі кезекте сөз алған Манат Алғамбаров қалалық мәслихат депутаты ретінде тындырған істері жайлы баяндап берді. Соның бірі – Зеленая роща ауылында жаңа мектептің салынуына ықпал еткендігі. Сонымен қатар Манат Қажыбекұлы Екібастұз өңірінде халықты орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасының табысты орындалып жатқанын, оған Nur Otan партиясының септігі тигенін айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтарына да мемлекеттік қолдау жылдан жылға жақсарып келеді. Мал санын көбейту үшін жемшөп қоры қажет. Осы орайда, алдағы жылы көлтабанды шабындықтарға каналдан су жіберілмеу қаупі төнген-ді. Өйткені 2021 жылғы республикалық бюджетте бұл мақсатқа қаржы бөлінбепті. Атқарушы билік пен депутаттар мәселеге араласып, соның нәтижесінде алдағы көктемде 50 миллион текше метр су босатылатын болды. «Бұл – көп емес, бірақ жоқтан жақсы» деген үміткер Манат Қажыбекұлы келесі жылы бюджет нақтыланғанда қосымша қаржы бөлу мәселесі тағы көтерілетінін айтып өтті. Ауыл халқын тек шаруашылық-экономикалық мәселелер ғана емес, руханият мәселесі де толғандырады. Осы тарапта әңгіме қозғаған Манат Алғамбаров Қылдыкөлдегі Исабек ишан тарихи-мәдени кешеніне биыл жаз жоғары кернеулі электр желісі тартылғанын қоштап, енді Екібастұз – Ақкөл арасында асфальт жол салу мәселесі шешілгенін, сондай-ақ музей мен қонақ үй салу жаспарланғанын жеткізді. Осы игілікті іске қайтадан құрылған Исабек ишан атындағы қайырымдылық қоры да мұрындық болып, атқарушы билікпен бірге жұмыла қимылдамақшы. Жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Бөгенбай Татаев партияның жастар саясаты турасында әңгімеледі. Ақкөлдегі кездесуде жұрт атынан ауыл тұрғыны Қабылқайыр Райымқұлов, Зеленая рощада қария Мұқтан Көшербаев пен мешіт имамы Құдайберген Мақымов сөз сөйлеп, Nur Otan партиясына сенім білдіріп, үміткерлерді қолдайтындықтарын айтып, ақжол тіледі.

Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық Сайлауалды штабының қаржысынан төленді.

Тапсырыс беруші: Нияз Құдайбергенұлы Макраев.