"Әлем аруы" байқауының жеңімпазы қайтыс болды
"Әлем аруы" байқауының жеңімпазы қайтыс болды
142
оқылды

"Әлем аруы" байқауының бұрынғы жеңімпазы, модель Норма Каппальиді Буэнос-Айресте автобус қағып кетті. Моделді ауруханаға жеткізгенмен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. 81 жастағы Каппальи 23 желтоқсанда қайтыс болды, - деп жазады ren.tv.

Қазір Аргентинада жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаға кінәлі 28 жастағы жүргізуші оқиға орнында ұсталды, автобус тәркіленді.

Норма Каппальи "Әлем аруы" атағын 1960 жылы жеңіп алған.