Нұр-Сұлтанда супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейтін болды
Нұр-Сұлтанда супермаркеттер мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейтін болды
170
оқылды
Нұр-Сұлтанда 25 желтоқсаннан бастап сауда алаңы 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді.  Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында объектілерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырды.
«Мереке қарсаңында дүкендерде келуші саны көбеюі байқалады.  Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жарлықта жаңа жұмыс кестесі белгіленді.  Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты шектелмейді.  Келушілер саны 30% -дан аспауы керек.  Жер-жерлерде объектілердің басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, жұмысты ұйымдастыруы керек», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.