Қызылорда: Жолаушылар автобус апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда: Жолаушылар автобус апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
187
оқылды

«ҚазАқпараттың» жазуынша, «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталмыш автобус Түркістан облысына қарай бағыт алған. Автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов: «Қазіргі таңда автобус ішінде болған азаматтардың жеке тұлғасына қатысты мәліметтер анықталуда. Оқыс оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды», ­­— деді.

Бұған дейін жол апаты туралы жазған болатынбыз.