Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда облысында жол апатынан зардап шекендерге көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
«Ауыр жарақаттанған 6 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 16-сының жағдайы орташа деңгейде, 7-еуі жеңіл жарақат алған. Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығы тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр, санитарлық авиация бригадасы да барды», — деді министр.
Оның айтуынша, оқиға орнында 7 жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге көмек көрсеткен. Зардап шеккендерге барлық көмек көрсетіледі.