Шенеуніктерге смартфон пайдалануға рұқсат етілді
Шенеуніктерге смартфон пайдалануға рұқсат етілді
5,142
оқылды

3 желтоқсаннан бастап мемлекеттік қызметкерлер смартфондарды Нұр-Сұлтандағы министрліктер үйінің ғимаратында пайдалана алады. Бұл туралы Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметінің өкілі хабарлады, – деп жазады Liter.kz.

26 қарашада Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қызметшілерге смартфондарды қайтару туралы үкіметтің қаулысына қол қойылғаны туралы хабарлаған.

«Қаулы бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция нұсқаулыққа қол қояды. Осыдан кейін мемлекеттік қызметкер смартфон қолдана алады», – деді министр.

Ал 2019 жылғы 8 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік мекемелердің қабырғаларында смартфондарды пайдалануға рұқсат беру туралы шешімді қолдайтынын мәлімдеген.