Қ.Тоқаев Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Қ.Тоқаев Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
151
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің Twitter парақшасында жарияланды.

«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс», – деп жазды Қ.Тоқаев.

Еске салайық, оқиға бүгін таңғы 04.30 шамасында болды. Апат салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды.