Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Сыбайлас жемқорлықты азайтады

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 25, 2020
Саясат, Жаңалықтар, Қазақстан
жемқорлық
18
қаралым

Мемлекет сыбайлас жемқорлық қаупін одан ары төмендете бермек. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Палата Төрағасының байламынша, құжат мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтады. Жобаны талқылау барысында депутаттар өтпей қалған тендерлер бойынша бір көзден сатып алу туралы келісім бекіту тәжірибесін шектеуді ұсынды. Олардың айтуынша, бұл шенеу­ніктердің конкурстық құжаттаманы сапасыз жоспарлауы кесірінен болады. Сондықтан құжаттама шарттарына өзгеріс енгізіп, байқау рәсімін қайтара өткізу ұсынылып отыр.

– Шенеуніктер үшін жеңілі, қолайлысы осы: мемлекеттік сатып алу конкурсын өтпеді деп жариялап, бір көзден сатып алу шартын бекіте салады. Осы арқылы өзіне қажетті компанияны жеңімпаз етеді. Бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне, елімізде мемсатып алулар арқылы орасан зор қаражат үлестіріледі, – деді Спикер.

Сонымен қатар ел Президенті Қ.Тоқаев мемлекеттік сатып алулар процесін оңтайландыруды тапсырды. Қол­даныстағы заңда жеткізушілермен тікелей келісімшарт бекіту арқылы бір көзден сатып алудың нақты негіздері көзделген. Депутаттар бұл норманы толықтырды: тапсырыс берушіден тендерді ұйым­дастырудың барлық бәсекелі әдісі таусылғанда ғана осы мүмкіндікті пайдалану талап етіледі.

Атырауда ысырапшыл емхана аз емес

Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды

Қазақша жарнама түзелуі тиіс

Бұл ретте бір көзден сатып алу бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысының дербес жауапкершілігін бекітетін норма көзделіп отыр. Тиісінше, осы талапты орындамаған меморгандар басшысына 100 АЕК (2021 жылы 291 мың 700 теңге) мөлшерінде айыппұл са­лынады.

– Осының бәрі мемлекеттік сатып алулардың тиім­ділігін арттырады және ең бастысы, коррупциялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді, – деді Н.Нығматулин.

Нұрлан Зайроллаұлы мемлекеттік сатып алу са­ласында басшылардың қызметін міндетті рейтингтік бағалау заң деңгейінде бекітілетініне назар аударды. Ол ең алдымен мемлекет мүддесін сақтай отырып, ашық жұмыс істеуге жол ашады.

Бұдан бөлек, бір көзден сатып алу негіздерін қыс­қарту ұсынылды. Атап айтқанда, бүгінде 100 АЕК-ке дейінгі көлемде тауарларды және құны 500 АЕК-ке жетпейтін жұмыстар мен қызметтерді тендерсіз, бір жеткізушіден алуға рұқсат етілген. Депутаттар мұны жоймақ ниетте. Яғни, заң жобасын Сенат өзгертпей қабылдаса, бұларға да байқау жариялау міндетті болады.

Мұның сыртында сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Оның арасында рейтингтік-балдық жүйені, шеңберлі (рамочный) келісімді, сондай-ақ «электронды дүкенді» пайдаланатын конкурстар бар.

Отырыста «Өлім жазасының күшін жоюға ба­ғыт­талған Азаматтық және саяси құқықтар туралы ха­лықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы құпталды. Хаттама Қазақстанның өлім жазасының күшін жою бойынша халықаралық міндеттемелерді қабылдауына бағытталған. Қазақстан хаттамада көрсетілген ескертпені құптап отыр. Оған сәйкес, соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі адамға өлім жазасын қолдануға рұқсат етіледі.

Айхан ШӘРІП

 
Тегтер: жемқорлықзаң жобасыНұрлан Нығматулинсыбайлас
Алдыңғы жаңалық

«Әліппе» кирилл қарпінде шығады

Келесі жаңалық

Ауа райы: қар жауып, боран соғады

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады
Жаңалықтар

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 2021
123 Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға жатқызылды

Наурыз 1, 2021
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 1, 2021
Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
Жаңалықтар

Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 17:56

Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға жатқызылды

Наурыз 1, 17:38

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 1, 17:09

Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

Наурыз 1, 16:54

Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Наурыз 1, 16:37

6 жасар қыз апаттың алдын алды

Наурыз 1, 16:33

Алматыда жүк көлігі жерастына түсіп кетті

Наурыз 1, 15:59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 2021
123 Ақтау

Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға жатқызылды

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»