Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Қымбат баспаналар қаласы

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 25, 2020
Саясат, Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
баспана

Фото: Интернеттен алынды

529
қаралым

Қазақстандағы ең қымбат пәтер жарты миллиард теңге тұратын көрінеді. Мұны Urban Awards ұйымының сарап­шы­лары анықтаған. Ал риэл­тор­лар пікірі басқа: олар мұ­ның тек саудаға қойылған бас­­паналар арасындағы ең қым­­баты екенін ескертеді. Ал жо­­ғары лауазымды шенеу­­ніктердің, қалталы биз­­нес­­мендердің сән-салта­нат­ты кең сарайлары бұдан әлде­қайда бағалы, құнды. Бірақ мұндай жылжымайтын мүлік, әрине сатылмайды: қо­жайы­­­­ны өткізу үшін емес, өзі тұру үшін жабдықтаған.

2,5 миллион адам үйге мұқтаж

Индустрия және инфра­­құры­лымдық даму министрлігінің де­­регінше, елімізде баспанаға зәру адамдар саны артуда. Бұған негізгі екі фактор – жылжымайтын мү­­ліктің жоғары бағасы және ха­лық­тың сатып алу қабілетінің тө­мендігі ықпал етіп отыр.

«Тұрғын үйге мұқтаж азамат­тардың саны 2,5 миллион адамға жетті. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың 170 мыңнан астамы – табысы аз адамдар. 180 мың адам мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйым­дардың қызметкерлері сана­тына, ал 50 мың адам жетім балалар, ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар санатына жатады», – деді ведомство.

Қызмет барысында қайтыс болған полицейлер отбасы баспана үшін жәрдемақы ала беретін болды

Баспана алу үшін «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

Азық-түлік неге қымбаттады?

Бұдан бөлек, «Қазтұты­нуқа­дағалау» (Казпотребнадзор) бір­лестігі өзі жүргізген зерттеу қоры­тындысына сүйене отырып, Қазақ­станда баспананың қолжетімділік деңгейі бойынша ел өңірлерінің антирейтингін жасап шықты. Ұйым­ның дерегінше, бәрінен бұ­рын елордада және Алматыда үй алу қиын, тым қымбат. Екі мегаполисте, әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары екені мәлім. Онда неге пәтерге қол жеткізу күрделі?

Сарапшылардың түсіндіруінше, оның бірнеше факторы бар: бі­ріншіден, елорда тұрғындары са­нының өсу серпіні құрылыс қар­қынынан жоғары. Екіншіден, әлеу­меттік, арзан тұрғын үйді алуға үміткер мемлекеттік қызмет­шілер­дің саны көп. Үшіншіден, қаланың астана мәртебесі де негізгі рөл атқарады.

Сондай-ақ «Қазтұтыну­қада­ғалау» рейтингі бойынша еліміздің батыс өңірлерінде тұрғын үй тапшы. Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында әрбір онын­шы отбасы үй кезегінде тұр. Бұдан әрі антирейтингте солтүстік және орталық өңірлер – Қостанай, Пав­лодар, Ақмола, СҚО және Қара­ғандыда орналасқан. Өйткені оларда баспана аз салынады. Онда қалайша бұл облыстар рейтинг басында жоқ?

«Мұны демографиялық про­­цес­термен түсіндіруге болады. Солтүс­тік және орталық өңірлерімізде бала туу көрсеткіші төмен. Тұрғындардың көп бөлігі жыл сайын Ресейге тұрақ­ты тұруға көшіп кетуде. Осы­ған байланысты кезекте тұрғандар, «жетімбұрыш» жағалағандар саны айтарлықтай төмендейді» делінген бірлестік қорытындысында.

Оңтүстік өңірлер антирейтинг соңына жайғасты. Сарапшылардың тұжырымдауынша, бұған оң­түс­тікте отбасылардың көбі ауыл­дық жер­лерде өмір сүретіні себеп­кер. Аза­маттар қарап отырмай, саман мен кірпіштен өз бетінше үй салып алады. Нәтижесінде, оң­түстіктегі ауылдарда бір аулада, бір телімде бірнеше үй салынғанын байқауға болады. Бұған қоса, «Қазтұты­нуқа­дағалау» оңтүстікте әкімдіктің үй кезегіне тұруда әкімшілік ке­дер­гілер көптігін алға тартты. Сал­дарынан нақты қанша адамның үйсіз-күйсіз екенін білу қиын.

Медеу ауданы – байлар мекені

Urban Awards сарапшылары на­рыққа мониторинг жүргізіп, сау­дадағы ең қымбат пәтерді анықтады. Олардың мәліметінше, еліміздегі ең құны жоғары тұрғын үй Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалала­рында.

Ал Қарағанды облысынан басқа өңірлерде құны 150 миллион тең­­­­геден жоғары бірде-бір баспана та­былмаған көрінеді. Оларда тіпті құны 50 миллион теңгеден асатын пәтер сирек! Мысалы, Атырауда жаңа тұрғын үйлердегі ең қымбат пәтер үшін – 90 млн, Шымкентте – 59 млн, Оралда – 51 млн, Ақтөбеде – 40 млн, Көкшетауда 31 млн теңге сұралады.

Қазақ металлургиясының «аста­насы» Қарағанды қаласының қақ ортасында тұрғызылған «На Чи­жевского» тұрғын үй кешені ғана өзінше дараланбақ: девелопер 279,47 шаршы метрлік пәтерді 195,62 миллион теңгеге сатуда. Әзірге өтпеген.

Алматыда «Юбилейный» ық­шам­­­­ауданында, Медеуге апа­­ратын Горная көшесінде бой кө­теріп жат­қан Orchard Residences тұрғын үй ке­­шенінде жалпы ауданы 258,6 шар­­­шы метрді құрайтын пәтердің құны жарты миллиардтай – 491,34 мил­лион теңге тұратыны белгілі болды.

Ақтау қаласының элиталы ау­данында – Каспий жағалауында тұрғызылған Aqtau Residence клуб­тық тұрғын үйінде 303,33 шаршы метрлік пәтер 364 миллион теңгеге бағаланып отыр. Нұр-Сұл­танда Baisanat тұрғын үй кешенінде 325,8 шар­шы метрлік пәтер алу 277 мил­лион теңгеге түспек. Мұн­дағы бір бөлмелі пәтер  ба­ғасының өзі 73,7 миллион тең­геге дейін ба­рады.

Астанадағы Есіл өзенінің жаға­лауында орын тепкен Akbulak Riviera-да 279,92 шаршы метр бола­тын 6 бөлмелі пәтерді құрылыс холдингі 266 миллион теңгеге ба­ғалауда.

Қазақстандағы ең қымбат пә­терлер рейтингінде бірінші тұ­ғыр­лар сол бұрынғыдай еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматыға тиесілі. Тал­дау көрсеткендей, салтанатты сарайлардың көбі мегаполистің Медеу ауданында орналасқан.

«Баға өскен жоқ, теңге құнсыздануда»

Елордалық риэлтор, жыл­­жымайтын мүлік агенттігінің ме­неджері Руслан Сейілтаев бұл сомаға таңғалудың өзін әбестік санайды.

«Бұған елде ұдайы жүретін де­­вальвация кінәлі. Мысалы, 1997 жылы Мәскеуде көпқабатты, ескі үйдегі екі бөлмелі пәтердің 357 мил­лион рубльге сатылып жатқа­­­нын білдім. Бірақ оған ешкім қай­ран қалмайтын. Себебі сол кезде талай жыл жүрген жойқын деваль­вация кесірінен 1 доллар бағамы 5 мың 960 рубльге жеткен болатын. Ал әлгі баспана 60 мың долларға саудаға қойылған. Біздегі жағдай сон­ша­лықты масқара болма­ға­нымен, мәз емес», – дейді ол.

Сарапшы еліміздегі ең қымбат (491 млн теңге) пәтердің 1 шаршы метрінің құны 1,9 миллион теңге болатынын қаперге салды.

«Бұл шамамен 4,5 мың дол­­­лар­дан астам. Бірақ еске түсірсек, 2010-жыл­дары елордада Триумф, Триумфальный, Хайвилл секілді «элит» санатындағы үйлердің бә­рінде шаршы метр құны 4,5 мың­нан басталатын. Қазақ­стандық­тардың сатып алу қабілеті тө­мендеген сайын құрылыс ком­­­пания­­лары да тәбетін басып, бағаны күрт құл­дыратты. Бүгінде оңтүс­тіккореялық компания салған Хай­виллде шар­шы метрі үшін 1-1,2 мың дол­ларға пәтер табуға болады», – деді Руслан Сейілтаев.

Шетелге саяхаттап шыққан қа­зақстандықтар елордадағы элиталы пәтердің бағасы Түркия, Мысыр, тіпті Испания секілді елдердегі теңіз жағасындағы екі деңгейлі (қосқабатты) виллалардан қымбат екенін байқап жүр. Нұр-Сұлтан­дағы үйін сатып, сол елдерге тұ­рақты тұруға көшіп кеткен қазақ­стан­дық­тар жетерлік. Мұның сыры неде?

Отандастарымызға осындай қызмет көрсетіп жүрген Atabek Еstate компаниясының тең қожайы­ны Александра Кабак­чының түсін­діруінше, бар мәселе тұрғын үй құрылысы ерекшеліктерінде және климатта.

«Түркияда арзанқол үйлер жеңіл, қымбат емес материалдардан тез тұрғызылады. Сіздердегідей құ­рылыс компаниялары ауыр тех­никаларды көп тартпайды. Оларда Қазақстандағыдай қыста жылыту жүйелері қарастырылмаған. Қа­быр­­ғалары өте жұқа. Көршіңіз таңға дейін думандатса, соның ортасында отырғандай сезінесіз. Бұған да дайын болу керек. Қа­зақтар көп қызығатын Аланияда, Стамбұлда жақсы үйлер бар, бірақ олар өте қымбат тұрады. Арзанқол баспанаға қызыққанша, дұрысына, құнды­сына қол жеткізген жөн», – дейді ол.

Әйткенмен, Қазақстанда да аза­маттар тұрғын үй сапасы құл­дырап бара жатқанына жиі ша­ғымданады. Импорттық құ­рылыс мате­риал­да­ры­на тым тәуел­ді құ­рылыс ком­­паниялары дол­ларға шаққан­дағы бағаның құл­дырауын сапаны тө­мендету арқылы өтейтін болса ке­рек.

Елдос СЕНБАЙ

 
Тегтер: Urban Awards ұйымыбаспанақымбатпәтерриэлтор
Алдыңғы жаңалық

Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізіледі

Келесі жаңалық

1 қаңтардан бастап газ бағасы қымбаттамайды

Ұқсас жаңалықтар

Швейцария
Жаңалықтар

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Наурыз 7, 2021
Тоқаев
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды

Наурыз 7, 2021
шымкент
Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Наурыз 7, 2021
дәрігер
Жаңалықтар

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Наурыз 7, 16:34

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды

Наурыз 7, 16:03

Шымкенттік кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Наурыз 7, 15:26

Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды

Наурыз 7, 15:01

Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Наурыз 7, 14:33

Қазақстандық танымал әнші жол апатына түсті

Наурыз 7, 13:58

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 13:28
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Швейцария

АҚШ-та бір тәулікте 2,9 миллион вакцина салынды

Наурыз 7, 2021
Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»