Желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қалай болатынын хабарлады.

Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады деп күтілуде. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады. Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с жетуі мүмкін. Солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты ауа температурасының мынадай ауытқуы күтіледі, атап айтқанда: батыста, солтүстік-батыста түнде 3-15 градус аяз, оңтүстік-батыста 3, күндіз 2-3, оңтүстік-батыста 8-10 градусқа дейін аяз болады.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3-8 жылы, кей жерлерде 5 -13 дейін күн суытады, күндіз 5-15 градусқа кей жерлерде 0-5 градусқа дейін жылынады. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градус, күндіз 12 аязға дейін суытады.

Кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде оңтүстік-батыс бөлігінде түнде 10-20 градусқа аяз, күндіз 5-10 градусқа дейін суытады, солтүстік-шығыс бөлігінде түнде 20-35, ал күндіз 10-20 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.