Полиция Нұр-Сұлтандағы көліктердің жарық беру құралдарын тексеріп жатыр
Полиция Нұр-Сұлтандағы көліктердің жарық беру құралдарын тексеріп жатыр

3-5 желтоқсан күндері елордадағы көліктердің сыртқы жарық құралдарына тексеру жүргізілмек. Қалалық полиция департаменті хабарлағандай бұл шара қауіпсіздікті сақтау аясында қажет.

«018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес автокөлік фарларына ауыспалы жарық көзін, дайындаушы зауыт белгілеген жарық көзі сыныбына сәйкес келмейтін, атап айтқанда LED және ксенондық шамдарды қолдануға жол берілмейді.Сонымен қатар автокөліктердің негізгі жарық фарлары деңгейінен, яғни капоттың деңгейінде, жүксалғышқа (автомашинаның төбесіне) және т.б. қосымша жарықтандыру аспаптарын орнатуға үзілді-кесілді тыйым салынады»  делінген таратылған хабарламада.

Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 590-бабы 5-бөлігі бойынша 12 625 теңге сомасына, сондай-ақ кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша 37 875 теңге сомасына айыппұл салына отырып, жауаптылыққа тартылады. Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлік белгісін алып қоя отырып, коммуналдық айыппұл тұрағына қою арқылы пайдалануға тыйым салынады.