Бұл туралы «Уральская неделя» жазды.
Басылымға курсанттың қазасы туралы мақала шыққан соң, марқұм Саламат Өтегеновтің анасына басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқан. Дереккөздің жазуынша, ата-аналар Саламат Өтегеновтің анасына басқа оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері бар екенін айтқан.Алматыда қайтыс болған курсанттың анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, ұлының қазасы туралы ақпарат тараған соң, өзге ата-аналар WhatsApp арқылы хат жазған. Бірі – академияда ақша жинайтынын, екіншісі ұлына қысым көрсеткен соң ІІМ академиясынан кеткенін айтқан.
«Уральская неделяның» жазуынша, қайтыс болған курсанттың анасына хат жазған ата-аналар аты-жөнін жариялағысы келмейді.
Бұған дейін Алматыдағы курсанттың қазасы туралы жазған болатынбыз.
[caption id="attachment_97765" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]