Бес қалада тұрғындарды алдап, 800 миллион теңге пайда тапқан алаяқтар ұсталды  
Бес қалада тұрғындарды алдап, 800 миллион теңге пайда тапқан алаяқтар ұсталды  
106
оқылды

Бұл туралы Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан аляқтарды ұстады.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. 7 күдіктінің біреуі Германия азаматы екені анықталды.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 262-б. 1,2-бөлігі, 307-б. 3-б. 1,2-тармағы, 218-б. 3-б. 3-т., 422-б. 4-б. бойынша сотқа жіберілді. Күдіктілер жалпы 800 миллион теңгеден астам пайда тапқан.

Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотында қаралып жатыр.