Тарихи тағылымға толы туынды
Тарихи тағылымға толы туынды
193
оқылды

Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы бойынша дайындалған «Дала фольклорының антологиясы» онтомдығы, «Ұлы даланың көне сарындары» үштомдығының 2-ші томы, сондай-ақ «Ежелгі дәуір әдебиетінің» бестомдығының 2, 3-ші томдары көпшілікке таныстырылды.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының дирек­торы Кенжехан Матыжанов Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласында айтылған «Дала фоль­клоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Дала фоль­клорының антологиясы» мен «Ұлы даланың көне сарын­дарын» жасау керегі туралы тап­сыр­масын институт қызметкер­лері аса зор жауапкершілікпен орындағанын айтып өтті. Бұл туындылар – халықпен бірге жасасып келе жатқан үлкен мәдени, тарихи тағылымға толы танымдық рөл атқарушы рухани күш. Бұрынғы дәстүрлі қоғамда ол әдебиеттің, өнер мен педа­гогиканың қызметін атқарды. Сол себепті ұлттың дүниетанымы, философиясы, этикасы, эсте­тикасы, тарихы айшықты да анық көрініс тапқан. тарихи тағылым Жұмыс барысында Құрман­ғазы атындағы Ұлттық консер­ваторияның, Т.Жүргенов атын­дағы Өнер академиясының ұстаз-оқытушылары мен өнерпаздар, қажеттігіне қарай өңірлердегі дәс­түрлі өнер мектептерінен де жыр­шы-орындаушылар тартыл­ды. Аудиожазба мен цифрландыру жұмыстары арнайы студияларда жүзеге асырылды. Оның баспаға дайындау жұмыстарын инсти­туттың ғалым-мамандарынан жасақталған арнайы шығарма­шылық топ жүзеге асырды және олардың жұмысына редакциялық алқа, жобаның ғылыми жетек­шісі, ғылыми және жауапты редакторлар, ғалым-сарапшылар, сондай-ақ институттың ғылыми кеңесі басшылық жасады. Ба­сылым­дарға белгілі отандық ға­лымдармен қатар алыс-жақын шетел оқымыстылары да сарап­тама-пікірлер жазды. «Фольклорлық мұрамыздың жауһарлары іріктеліп берілген бұл антологияның алғашқы бес томы өткен жылы жарық көрді. Оқырманға биыл ұсынылған ан­тологияның алтыншы томына ма­гиялық фольклор, кәсіпке қа­тысты фольклор, маусымдық ғұ­рып фольклоры мен отбасылық ғұ­рып фольклорының таңдаулы үлгі­лері топтастырылды. Ал же­тін­ші том прозалық фольклордың ертегі жанрына арналған. Мұнда хай­уанаттар туралы, қиял-ға­жайып, батырлық, новеллалық, са­тиралық ертегілердің таңдаулы үлгілері жинақталды. Сегізінші том прозалық фольклордың аңыз­дық жанрларына арналған. Томға мифтердің, хикаялардың, аңыздардың, әпсаналардың, хикаяттардың, ауызекі әңгіме­лердің іріктелген үлгілері берілді. Тоғызыншы томға халық өлең­дерінің қара өлең, хат өлең, ән өлең, терме, толғау сияқты түр­лері жинақталса, оныншы томға мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жа­ңылтпаштар, шешендік сөздер, нақылдар, өсиет және қанатты сөздер секілді шағын жанрлар топ­тастырылды», – деді «Дала фоль­клорының антологиясы» онтом­дығының жауапты редак­торы, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлбеков. Мемлекеттік тапсырыс ая­сында жүзеге асырылған тағы бір тың жоба «Ұлы даланың көне сарын­дары» антологиясының жетекшісі, өнертану ғылым­дарының кандидаты Айнұр Қаз­ту­ғанова антологияның 2-то­мының шығарылуына білікті кәсіби мамандар, күй өнерін тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеген күйтанушы-ғалымдар, көне аспаптардың сақталуына ерекше үлес қосып жүрген бел­сенділер жұмылдырылып, дом­быра күйлерінің аймақтық дәс­түрлерін жалғастырған күй ше­берлерінің тәжірибесі мен білімі ортаға салынғанын айтты. Елімізде алғаш рет жүйелі түр­де іске асырылып отырған «Ежел­гі дәуір әдебиеті антологиясының» басты мақсаты – ұлы даланың ежелгі заманнан бергі жазба мұ­ра­лары мен әдеби жәдігерлерін жи­нақтап, жүйелеп, зерттеп, жас ұрпақ назарына ұсыну, түркі халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштерін не­ғұрлым толық жарыққа шығару. Жоба жетекшісі М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инсти­тутының Ежелгі дәуір әдебиеті және түркітану бөлімінің мең­геру­шісі, филология ғылым­дарының кандидаты Қыдыр Төрәлі «Ұлы дала жауһарлары» сериясы «Ежелгі дәуір әдебиеті антологиясының» екінші және үшінші томына енген әдеби жәдігерлер туралы айтып өтті. Бірнеше томнан тұратын серияның әр томы редакциялық бас алқаның кіріспе мақаласымен ашылып, соңында жазылған түсініктемелерді қамтиды.

ГүлнарГүлнар  ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ