Мемлекет балық өндірісін ынталандыруға ыңғайлы құрал ұсына алады – «Ауыл» партиясы
Мемлекет балық өндірісін ынталандыруға ыңғайлы құрал ұсына алады – «Ауыл» партиясы
100
оқылды

Мемлекет балық өндірісін ынталандыру үшін ыңғайлы құралдарды ұсына алады. Мысалы,  мемлекеттік қаржы институттарының қаражаты есебінен қайта өңдеу зауытын құруға, дайын нысандарды лизинг негізінде  бизнес субъектілері мен  кооперативтерге ұзақ мерзімге беруге болады. Бұл туралы «Ауыл» партиясының үгіт тобы «Ауылдан ауылға» акциясы аясында Қызылорда облысының Арал ауданындағы «Арал Балық» зауытының ұжымымен кездесуінде айтты.

Партияның Мәжіліс пен мәслихат депутаттығынан үмітті өкілдері зауыт ұжымын балық шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға қатысты бастамаларымен таныстырды. Олардың айтуынша, тауарлы балық шаруашылығының  әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Құс шаруашылығымен салыстырғанда, балық өсірудің өнімділігі мен тез өсуі жақсы көрсеткішке ие. Бір балық миллионға дейін шабақ әкеледі, бұл тұрғыда көл-тауарлы балық фермаларын дамытудың болашағы зор. Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениетінің дамымауына байланысты балықты ішкі нарықта өткізуде қиындық туындап отырғаны да сөз болды. «Ауыл» партиясы өз бағдарламасында қайта өңдеу мен экспортты дамытуды ұсынады. Мысалы, бекіре мен ақсерке өсіру, сондай-ақ оларды сапалы қайта өңдеу қазақстандық балық өсірушілерді халықаралық нарыққа шығаруы мүмкін. Бұл тікелей валюталық түсім. Бұл үшін  елімізде қажетті ресурс бар. Жалғыз нәрсе – бұл инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін шешу», – деді Б. Сандыбаев. Оның пікірінше, мемлекет балық өндірісін ынталандыру үшін ыңғайлы құралдарды ұсына алады. Мысалы,  мемлекеттік қаржы институттарының қаражаты есебінен КТБЖ желісі мен қайта өңдеу зауытын құруға, дайын нысандарды лизинг негізінде  бизнес субъектілеріне немесе кооперативтерге ұзақ мерзімге беруге болады. Осылай ғана балық шаруашылығын қарқынды дамытуға болады. Бүгінде Арал ауданының   елдімекендерінің көпшілігі «болашағы жоқ» деп айқындалған. Ал партия өкілдері мен жергілікті тұрғындар балық шаруашылығын дамыту, Арал өңірінің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді деген ортақ пікірге келді. Кездесуде сөз алған Мәжіліс депутаттығына кандидат З.Әліпбек зауыт қызметкерлеріне   партияның әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі бастамаларын – «Бала нәсібі» жәрдемақысын енгізу және көпбалалы аналар үшін әзірленген шаралар пакеті туралы баяндады. Партия мүшелері бұл күні Қуаңдария, Жосалы, Ақтөбе елді мекендерінің   тұрғындарымен де кездесті.

Тұмар МЫРЗА